«Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Т.Әубәкіров №5. БСН 160940003246. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 қарашадағы №535 бұйрығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасына және ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 4 мамырдағы №198 бұйрығына, аудан әкімінің 18 сәуірдегі №85 Қаулысына сәйкес 75 орындық «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттары ұсынылып құрылтайшысы жеке кәсіпкер Ж.Жумахметов Балабақша 75 орынға арналып салынған. Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының 75 орынға арналған орынға сараптамадан өткізіліп қанағаттандырылған.Қазіргі таңда балабақшада 22 қызметкер жұмыспен қамтылған.
2.«Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазалы аудандық денсаулық сақтау басқармасына жолдаған өтінішімізге сәйкес 26.09.2016 жылы №3104 шешімі сараптамадан өткізіліп 75 орындыққа жобалауға берілген. №62 27.09.2016 жылы санитариялық эпидимологиялық қорытындысы пайдалануға берілді. Балабақша 2 қабаттан тұрады, су жүйесімен және кәріз жүйесімен орталықтандырылған, жоба бойынша іргетасы шой тасты бетон, ішкі және сыртқы тұрақты қабырғалары күйдірілген кірпіштен,аражабыны ағаш,плиталары, шатыры профильді тақта қаралған. Жоба бойынша 1-ші қабатта өзгерістен кейінгі жобада меңгеруші бөлмесі 13,23 м2, киім ауыстыратын орын 53,0м2, от жағатын орын 7,40м2, медбике кабинеті 8,08м2, дәретхана 52,14м2, жатын бөлме 50,70м2, ойын бөлмесі 56,40м2 қамтамасыз етілген. 2-ші қабатта дәретхана 14,83м2, ойын бөлмесі 53,30м2, жатын бөлмелері 53,30м2, 51,10м2. Бөлек ғимаратта әдіскер-психолог бөлмелері қаралған 21,42м2, ас тарату бөлмесі 13,0м2, қойма 12,80м2, ыдыс жуу орны 14,20м2, киім үтіктеу бөлмесі 14,20м2, кір жуу бөлмесі 13,0м2 жоба бойынша қажетті бөлмелер қаралған. Ас үй құжаттары бар және толтырылған, ас үй қызметкерлерінің жеке медициналық кітапшалары толтырылған. Жалпы тазалық жағдайы жақсы, ыдыс-аяқ, тамақтандыру мен жатын орындары санитарлық тораптар бар (қолжуғыштар, дәретханалар бар).
3. «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ата – ана келісім шарты бойынша балабақшада бүлдіршіндерге бір күндік тамақ ақысы 600 теңге сәйкес бес мезгіл тамақ уақыты ( Таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас және балғын жеміс пен дәрумендер). Бір күндік ас мәзірі: Таңғы ас: 9-00 – I. Шикі сөк ботқасы 180гр, II. Нан сары маймен 40 гр, III. Тәтті шай 180 гр. 11.00 Дәрумендер – I. Шырын 180 гр. Түскі ас:13:30 – I. Үзбен сорпасы етпен 180гр/70гр, II. Тефтели 200гр/70гр, III. Дайын салаты 50гр, IV. Қара нан 40гр, V. Кампот 180гр.
Бесін ас:16:00 – I. Құймақ 70гр, II. Сүт 200гр. Кешкі ас:17:00 – I. Вермишель сүтпен 200гр, II. Айран 200 гр, III. Нан 40 гр. Балғын жемістер: I. Алма 100гр.
Азық – түлік сертификаты қарастырылған, жарамдылығы көрсетілген.
4. «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мектепке дейінгі мекеме жұмыстарына инновациялық технологияларды ендіру және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында 2024-2025 оқу жылдарына арналған балабақшаның жылдық жоспарды жүзеге асыру мақсатында әдістемелік тақырыбы таңдалып, міндеттері анықталып, 3 кезең бойынша жұмыс жоспары құрылды. Әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру мақсатында 4 педагогикалық кеңес және 4 семинар өткізілуде. Оқу жылында тәрбиеші-педагогтар өз тобының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік құралдармен, мектепке дейінгі оқытудың үлгілі оқу бағдарламасымен міндетті білім беру стандартымен сүйене отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына әр түрлі іс – әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын 5 білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті балабақшада жүргізіліп отырды. Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани адамгершілік құндылықтарға қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлт жандылыққа және толеранттылыққа, сондай-ақ баланы мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, даралық, танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту және ұлттық құндылыққа, патриотизм тәрбиелеу.
5. «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Балабақшада жалпы 22 қызметкер қызмет етеді, оның ішінде 10 педагог бар, білімі жоғары деңгейде. Педагог арасында арнайы мамандар жұмыс жасайды: меңгеруші, әдіскер, музыка жетекші, психолог, 6 тәрбиеші. Сапалы құрам бойынша педагог-зертеуші – 1, педагог сарапшы- 3, педагог модератор 2, санатсыз – 4 педагог, тиісінше аттестация өтуде – 3 педагог.
6. «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Балабақша ғимаратында жалпы қауіпсіздігіне байланысты азаматтық қорғау орган қызметтерлері (мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері) өрт автоматикасы жүйелерімен қондырғылар монтаждау баптау – жұмыстары жүргізілген. Өрт қауіптілігіне тиісті, өртке қарсы режимді белгілейтін бұйрық, эвакуациялау жоспарлары, өрт қауіпсіздігіне арналған құрылғылары бәрі қамтамасыз етілген.
7. «Нұрай» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Балабақшада кеңсе заттары мен әдістемелік кітаптар, компьютер жабдықтары, үйірме бөлмесі «Ұлттық асық» ойындарымен жабдықталған ,әр топта 7 – дамытушы орталықпен жабдықталған, түрлі ойыншықтар (дидактикалық, сенсорикалық, қол ұсақ моторикасы, құрылыс материалдарымен, құрастырғыш ойыншықтары) және сыртқы ойын алаңымен (спорттық бұйымдар) тәрбиеленушінің толықтай білім мен тәрбие алуына және спортқа баулу бағытындағы жұмыстарымен қамтылған.