Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Нұрай» жеке балабақшасы  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры  Жумахметов Жасулан Мырзагулович.

«Нұрай» жеке балабақшасының меңгерушісі

Бакешова Лаура Конысқызы

Бакешова Лаура Конысқызы 1977 жылы 16 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауыл-округінде дүниеге келген. Мектепті үздік оқып, ОҚО, Шымкент қаласының Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Адам баласы дүние есігін ашқан соң, тал бесіктен бастап ұстаздан тәлім алып, білім көкжиегін кеңейтеді. Әуелі отбасындағы ана, ұстаз, әке – тәлімгер.

Олардың алатын орыны ерекше, беретін тәрбиесі де телегей теңіз. Ең бастысы ата – ананың өз бойында жиғаны арқылы ұлдары мен қыздарына үйретері дұрыс, бақыты айқын болғандығынан көп баланың бірі болып тәрбиеленген Лаура Қонысқызы да, әке мен анадан мол тәрбиемен, өнеге ала білді. Қазіргі таңда Лаура Конысқызы – көп балалы ана «Күміс алқа» иегері.

Жоғарғы оқу орнында білім нәрімен сусындап, 2005 жылдан бастап, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс жасап келеді. 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап «Нұрай» жеке балабақшасын басқаруда.

  • Еңбек жолында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың әлеуметтік жағдайын көтеру, олардың толыққанды өмір сүруі үшін, қолайлы жағдайлар туғызу жолында қайырымдылық қөрсете жүріп, елдің алғысына бөленіп жүріп: 2017 жылы аудан алғысына бөленді.
  • Кәсіби біліктілігінің арқасында облысымыздың кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін, биік парасаттылық үлгісімен адамгершілік қасиетінің арқасында халықтың ізгі ілтипатына ие болған жанның бірі: 2015 жылы Қызылорда обылысының кәсіпкерлік палатасынан алғысқа ие болды.
  • Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіру, туған елі мен жеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатында балабақшалар арасында ұйымдастырылған «Болашағымыз – бірлікте!» атты аудандық байқауда ерекше өнер көрсеткені үшін: 2017 жылы марапатқа ие болды.
  • Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өткізуде белсенділік танытып, ат салысқаны үшін: 2018 жылы жеке балабақшалар арасында марпатқа ие болды.
  • Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, дарынды шәкірт тәрбиелегені үшін: 2016 жылы Республикалық «Жас Дарын» орталығынан алғыс хатқа ие болды.
  • Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін: 2017 жылы Әйтеке би кентінің әкімшілігінен Алғыс хатпен марапатталды.

 «Нұрай» жеке балабақшасының әдіскері

Айғабыл Ақтоты Жақсылыққызы

Айғабыл Ақтоты Жақсылыққызы 1977 жылы 24 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Мектепті үздік оқып, Алматы облысының Қазақ мемелекеттік Қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алған.

Мектептен білім негіздерінен сусындап, әрі қарай, университетке түсіп, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығын игерген.
Бала тәрбиесінің үдерісінен шығу және көзқарасын толығымен жүзеге асыру үшін тек тәрбиеші немесе әдіскер болып қалу аздық ететіндей көрінді.

«Армансыз адам – қанатсыз құс» арманын, балабақшада жинаған теориялық – практикалық қырларымды көрсету мақсатында «Нұрай» жеке балабақшасына тәрбиеші болып келген, біраз айлардын соң, балабақша әдіскері атанды. Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту барысында мынандай жетістіктерге жетті:

Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, дарынды шәкірт тәрбиелегені үшін: 2016 жылы Республикалық «Жас Дарын» орталығынан алғыс хатқа ие болды.

Республикалық педагогикалық ғылыми-практикалық топтамасының «Педагог хабаршысы» журалында үздік жұмысын жариялағаны үшін: 2016 жылы дипломмен марапатталды.

Халықаралық «Біз бақытты баламыз» атты жас суретшілер байқауына қатысып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін: 2017 жылы тәрбиеленуші Мырзағұл Балауса I – орын дипломымен және жетекшілік еткен Айғабыл Ақтоты алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық ғылыми-ақпараттық танымдық педагогикалық жураналының көпшілік оқырманға таратылуына ат салысып: 2017 жылы «Ізденіс жолы» журнал бетіне ғылыми-танымдық материал жариалағаны үшін дипломмен марапатталды.

Қазалы аудандық білім бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арсында «Тәуелсіздікке тәу етер ұрпақпыз» атты мәнерлеп оқу байқауында тәрбиеленуші Ерболқызы Сымбат және жетекшісі Айғабыл Ақтоты III-орын мақтау қағазымен: 2017 жылы марапатталды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасынан еліміздің тыныс тіршілігіне белсене араласып, аймағымызда кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып келе жатқан үлесі үшін: 2017жылы алғыс хатпен марапатталды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жас жеткіншектердің білімі мен тәрбиесіне қосып жатқан жемісті еңбегі үшін: 2017 жылы Қазалы ауданы білім бөлімінің басшысы А. Қасымовадан алғыс хат иегері.

Ұлы жеңістің – 73 жылдығына орай республикалық «Бабалар ерлігі, халқымның бірлігі» атты байқауында бейнелеу өнері аталымы бойынша тәрбиеленушілер Қосаман Данияр, Сейілхан Інжу үздік өнер көрсеткені үшін I- орын дипломымен және жетекшісі Айғабыл Ақтоты 2018 жылы Алматы қаласы «Жас дарын» орталығынан алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы Алматы қаласының «Жас дарын» орталығына: білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал еңбегі үшін: «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен марапатталды.

"Нұрай" балабақшасының меңгерушісі ұжым мүшелерімен жиналыс үстінде