Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бакешова Лаура Конысқызы

16.12.1977ж

Білімі: жоғары, “Аймақтық-иновациялық университеті”

Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Қызметі: меңгеруші

Еңбек өтілі: 8 жыл

 

Бакешова Лаура Конысқызы 1977жылы 16 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауыл-округінде дүниеге келген. Мектепті үздік оқып, ОҚО, Шымкент қаласының  Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»  мамандығы бойынша жоғары білім алған. Адам баласы дүние есігін ашқан соң, тал бесіктен бастап ұстаздан тәлім алып, білім көкжиегін кеңейтеді. Әуелі отбасындағы ана, ұстаз, әке – тәлімгер. Олардың алатын орыны ерекше, беретін тәрбиесі де телегей теңіз. Ең бастысы ата – ананың өз бойында жиғаны арқылы ұлдары мен қыздарына үйретері  дұрыс, бақыты айқын болғандығынан көп баланың бірі  болып тәрбиеленген Лаура Қонысқызы да, әке мен анадан мол тәрбиемен, өнеге ала білді. Қазіргі таңда Лаура Конысқызы – көп балалы ана «Күміс алқа» иегері.

Жоғарғы оқу орнында білім нәрімен сусындап, 2005 жылдан бастап, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс жасап келеді. 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап «Нұрай» жеке  балабақшасын басқаруда.

Еңбек жолында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың әлеуметтік жағдайын көтеру, олардың толыққанды өмір сүруі үшін, қолайлы жағдайлар туғызу жолында қайырымдылық қөрсете жүріп, елдің алғысына бөленіп жүріп: 2017 жылы аудан алғысына бөленді.

Кәсіби біліктілігінің арқасында облысымыздың кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін, биік парасаттылық үлгісімен адамгершілік қасиетінің арқасында халықтың ізгі ілтипатына ие болған жанның бірі: 2015 жылы Қызылорда обылысының кәсіпкерлік палатасынан алғысқа ие болды.

Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіру, туған елі мен жеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатында балабақшалар арасында ұйымдастырылған  «Болашағымыз – бірлікте!» атты аудандық байқауда  ерекше өнер көрсеткені үшін: 2017 жылы марапатқа ие болды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өткізуде белсенділік танытып, ат салысқаны үшін: 2018 жылы жеке балабақшалар арасында марпатқа ие болды.

Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, дарынды шәкірт тәрбиелегені үшін: 2016 жылы Республикалық «Жас Дарын» орталығынан алғыс хатқа ие болды.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін: 2017 жылы Әйтеке би кентінің әкімшілігінен Алғыс хатпен марапатталды.

 

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды